Талғардағы кісі өлімі. Депутат істің созбаққа салынып жатқанын айтты

Қылмыскерді жазалау үшін министрдің бақылауға алғанын күтіп отыру керек пе?

Malim Админ

  • 09.10.2024

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Талғардағы қайғылы жағдайға байланысты Бас прокурор мен Ішкі істер министріне сауал жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Жұрттың жағасын ұстатқан жағдай Алматы облысы Талғар ауданында болды. Қоғамды қамықтыратыны сол, соңғы уақытта қоғамдық орында жас өспірімдердің бір-бірін аяусыз соққыға жығуы, қорлауы, ең сорақысы арты өлімге апаратын қайғылы жайттар жиілеп кетті. Телеарнаны қосып қалғанда, газет бетін ашып қалғанда, радионы басып қалғанда жастар бірі-бірін ұрды, соқты деген ақпараттан көз ашпайтын болдық. «Біздің қоғам қайда бара жатыр?», – деген сұрақтың көпшіліктің көкейінде көлкіп тұруы заңдылық осындайда. Кеше ғана Талғардағы дүкенде болған жағдай есімізді екеу, түсімізді төртеу қылды. Талғардағы тексіздердің тентектігінен 16 жасар бала, бір әулеттің аймаңдай азаматы Шерзат көз жұмды»,- деді депутат.

Сәрсенғалиев аудандағы құзырлы орын өкілдерінің істі созбаққа салып жатқанына наразылығын білдірді.

 «Әкесі мен бауыры соққыға жығылды. Ел өре түрегелді, артынша «істі ІІМ-і өз бақылауына алды» деген ақпарат тарады. Қоғамды қорқытатыны осы, қылмыскерді жазалау үшін, әділдікке жету үшін бейнеүндеу жасап әр істі бір министрдің бақылауға алғанын күтіп отыру керек пе? Неге жергілікті жердегі құқық қорғау орындары дереу істің ақ-қарасын анықтап әділ тергеу өткізбейді? Мұндай қылмыста құқық қорғау органдары бірден әрекет етуі керек»,-деп түйді мәжіліс депутаты.

Нартай Аралбайұлы білім беру ұйымдарындағы "Құқық негіздері" атты пәннің  сапасына қатысты сын көп екенін айтып,  аталған сабақтың бағдарламасын қайта жасауды, балаларды өмірде бетпе-бет келетін жайттар мен өмірден алынған нақты кейстерге сүйеніп оқыту керектігін атап өтті.

Фото: Мәжіліс 

Байланысты жаналықтар

«Қаржаубай өтірік айтты, мылтықты Нұрқанат алып шығып, атты». Шерзат ісіндегі қарсы тарап өз шындығын айтты

16.11.2024

Хасан Қасымбаев не үшін ұсталды

04.11.2024

Талғардағы "Хуторға" қатысы бар делінетін Хасан Қасымбаев ұсталды

04.11.2024

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

18.10.2024

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

18.10.2024

«Адвокат жалдадым»: Талғардағы қылмыстық топтың басшысы делінген Хасан Қасымбаев ел алдына шықты

15.10.2024
MalimBlocks
«Қаржаубай өтірік айтты, мылтықты Нұрқанат алып шығып, атты». Шерзат ісіндегі қарсы тарап өз шындығын айтты

Олар Шерзаттың әкесі мен ағасын қаматуды сұрайды

Хасан Қасымбаев не үшін ұсталды

Зардап шегуші ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы

Талғардағы "Хуторға" қатысы бар делінетін Хасан Қасымбаев ұсталды

Алматы облысы полиция департаменті Қасымбаев 2 қараша күні ұсталғанын мәлім етті

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болған

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

«Адвокат жалдадым»: Талғардағы қылмыстық топтың басшысы делінген Хасан Қасымбаев ел алдына шықты

Хасан Қасымбаев жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты