457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Топтық зорлау үшін 13 жыл жасырынған қазақстандық шетелден экстрадицияланды

Топтық зорлау үшін 13 жыл жасырынған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері Қырғыз Республикасынан топтық зорлау үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Күдікті 2012 жылы Жамбыл облысында басқа алты адаммен бірге жиынға екі қызды шақырып, олардың сусындарына клофелин араластыру арқылы дәрменсіз күйге келтіріп, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен.

Қылмысқа қатысушылар әртүрлі жаза мерзімдеріне сотталған, ал күдікті жасырынып, 13 жыл іздеуде болған.

Ағымдағы жылдың сәуірінде ол Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Фото: pixabay

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00