Турагентке сеніп саяхатсыз қалған елуден аса қостанайлық полицияға шағымданды

Олардың жалпы шығыны 40 млн теңгені құраған

Мәди Саматұлы

  • 23.01.2025

Қостанайда туристік агенттіктердің бірі полицейлердің назарына түсті. Шетелге турларды брондаумен айналысқан компанияға клиенттер жаппай шағымданған, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс полициясының мәліметінше, тур үшін ақша төлеп, бірақ уәде етілген қызметтерді алмаған зардап шеккендерден полицияға 53 арыз түскен. Олар Египетке, Түркияға, Таиландқа, Вьетнамға және Қытайға сапарларға тапсырыс беріп, турлардың құнын толық немесе ішінара төлеген.

Алайда, төлемге қарамастан, турларға тапсырыс берілмей, ақшалары да қайтарылмаған.

Клиенттер турларды кеңсеге бару арқылы, телефон арқылы да брондап, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төледі. Бірақ ұшу күні олар турларға тапсырыс берілмегенін анықтады. Алдын ала есептеулер бойынша залал шығындары 40 миллион теңгені құрады, деп жазды облыс полициясы.

Компанияның мәлімдеуінше, олар ақшаны иемденіп кетпеген. Тек турлар өз құны бойынша сатылған, соның салдарынан мәселе туындаған. Дегенмен, полицейлер турларды брондауды растайтын қандай да бір құжаттардың жоқтығын анықтаған.

Соған байланысты екі және одан да көп зардап шеккендерге қатысты алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті – жеке кәсіпкер ұсталды. Тергеу жалғасу үстінде, деп жазылған полиция хабарламасында.

Фото: instagram/polisia_kostanay

Байланысты жаналықтар

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

10.04.2025
MalimBlocks
Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады