Түркістанда департаменттің экс-басшысы мен сыбайластары сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Берік Дәулетов

  • 30.07.2024

Түркістан қалалық соты Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласын соттады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан өңірінде Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы А. Мырзаевқа, оның сыбайласы А. Балтабаевқа және осы департаменттің бөлім басшысы Б. Жетпісовке үкім шыққанын мәлімдеді.

Ресми мәлімет бойынша, Мырзаев пен Балтабаев алаяқтық пен пара беруге итермелеу, ал Жетпісов – пара беруге оқталу бойынша кінәлі деп танылған.

Мырзаев пен оның сыбайласы Балтабаев жер учаскесін ресімдеу үшін кәсіпкердің 18 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденгені анықталған. Сонымен қатар Мырзаев лауазымды тұлғаларға жалпы қамқорлығы үшін пара беру сылтауымен бұрын келісілген Жетпісовтың 5 млн теңгесінің 70 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолымен иемденген.

Сот үкімімен Мырзаевқа 8 жыл, Балтабаевқа 7 жыл және Жетпісовке 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Үкімді жария ету Түркістан қаласының жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық департаменті мен жер қатынастары бөлімі ұжымының қатысуымен өткен.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды