457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жамбыл облысында жұмыстан заңсыз босатылған мұғалім қызметіне қайта оралды

Жамбыл облысы Жуалы ауданында зейнет жасына жеткен мұғалімді заңсыз жұмыстан босату фактісі бойынша сот шешімі шықты.


1991 жылдан бері орта мектепте ұзартылған күн тәрбиешісі, кейін тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген тұрғын 2024 жылдың желтоқсан айында зейнеткерлік жасқа жеткен. Ол оқу жылының соңына дейін жұмысын жалғастыруға ниет білдіріп, мектеп директорының атына арыз жазғанымен, өтініші ескерілмей, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жұмыстан босатылған.

Мұғалім бұл бұйрыққа қатысты сотқа шағымданып, қызметін қайта қалпына келтіруді, мәжбүрлі түрде жұмысқа шықпаған кезеңдегі жалақысын және моральдық шығынды өндіріп беруді сұраған.

Сот материалдарын зерттеу нәтижесінде мектеп әкімшілігінің әрекеті Еңбек кодексі, ұжымдық шарт және салалық келісім нормаларын өрескел бұзғаны анықталды. Жұмыс беруші еңбек шартын бұзу туралы хабарламаны заңда көрсетілген мерзімде бермеген және қызметкердің құқықтарын сақтамаған, - деп жазылған ақпаратта.

Жуалы аудандық соты мұғалімнің қызметін қайта қалпына келтіріп, 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың мамыр айына дейінгі мәжбүрлі жұмыстан бос кезеңі үшін 2,1 млн теңге жалақы, 100 мың теңге моральдық өтемақы және 250 мың теңге өкіл қызметіне ақы өндіріп берді.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты сот аудан әкімдігінің білім бөліміне жеке ұйғарым жолдап, мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу шараларын қабылдауды тапсырды.

Мектеп директорының шағымын Жамбыл облыстық соты қанағаттандырмай, бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.

Фото: pixabay