Жүк көліктерін заңсыз тіркеген. ХҚКО-ның экс-басшысы ұсталды

Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сома түспеген

Malim Админ

  • 15.10.2024

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында бір топ адамның жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркеуге алғанын анықтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді. 


Агенттіктің хабарлауынша, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізгені анықталды.

Осылайша, олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген. Соның салдарынан жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам төлемдер түспеген.

Күдіктілер-мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды, сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Күдіктілердің мүлкіне 42 млн теңге көлемінде тыйым салынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін есептелмейді.

Фото: Pinterest

Байланысты жаналықтар

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Шымкентте ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігін заңсыз берген

02.05.2025

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

28.04.2025

Жезқазған мен Сәтбаев әкімдіктері заңсыз ағаш кескен

26.04.2025

Ақмола облысында шенеунік жетім балаға арналған үйде тұрған

25.04.2025
MalimBlocks
"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Шымкентте ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігін заңсыз берген

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

Жезқазған мен Сәтбаев әкімдіктері заңсыз ағаш кескен

Ақмола облысында шенеунік жетім балаға арналған үйде тұрған