Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Лавров БҚО-да ұшқан дрондардың қайдан келгенін айтты

Саясат
Лавров БҚО-да ұшқан дрондардың қайдан келгенін айтты

19 және 20 маусым күндері Батыс Қазақстан облысының аумағында ондаған ұшқышсыз ұшақ аппаратының ұшқаны тіркелді. Бұл туралы ресми дереккөздерге сілтеме жасаған бірқатар БАҚ хабарлады. Ресей тарапының мәліметінше, бұл – украиналық дрондар, оларды Ресей аумағындағы нысандарға соққы беру мақсатында пайдаланылған. Бұл туралы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  


Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Бұл мәселе Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу арасындағы екіжақты кездесуде де талқыланған.

Біз бұл тақырыпты қозғадық. Қауіпсіздік және әскери саладағы тиісті құрылымдар бұл мәселе бойынша өзара байланыста екені айтылды. Қазақстандық әріптестеріміз Украина тарапымен өзара әңгімелесу барысында мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді, – деді Лавров журналистерге берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта Қазақстан тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Бұл жағдай екі елдің арнайы қызметтерінің бақылауында.

Фото: ҚР СІМ 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу