Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәйітін жасырған. Асырап алған баланы азаптап өлтірген 2 әйел сотталды

Құқық
Мәйітін жасырған. Асырап алған баланы азаптап өлтірген 2 әйел сотталды

Ақмола облысының Щучинск қаласында асырап алған баланы өлтіргендерге үкім шықты. Бұл резонанстық іс бойынша сот алдында патронат ана мен әже жауапқа тартылды, деп хабарлайды Malim.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға шамамен бес жыл бұрын болған. Баланың мәйіті ұзақ уақыт бойы жеке үйдің бақшасында сақталған. 2 жасар баланы асырап алғандар айуандықпен өлтіріп, есік алдына көміп тастаған. Бірақ бұл туралы ешкім білмеген. 

Былтыр көктемде барлық шындық ашылды. 5 баланы асырап алған отбасы бір баласын ауруханаға алып барады. Бірақ ол баласының құжаттарын көз жұмған баланың құжатымен шатастырып алған. Туу туралы куәлік төрт жыл бұрын қайтыс болған балаға тиесілі болған. 

Осы іске қатысты басты күдікті 65 жастағы әже болды. Ол бірден қамауға алынды. Кейінірек марқұм баланың «қамқоршысы» саналған 29 жастағы әйел да түрмеге қамалды. Сот процесі жабық режимде өтті. 

65 жастағы әйел 21 жылға, ал екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: pexels 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу