Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәйіттерді қорлады деп айыпталған күзетшінің ісі тоқтатылды

Құқық
Мәйіттерді қорлады деп айыпталған күзетшінің ісі тоқтатылды

Алматы прокуратурасы некрофилияға яғни мәйітті қорлады делінген күдікті ер адамға қатысты тергеу барысына түсініктеме берді.


Алматыда некрофилияға күдікті адам биыл сәуір айында ұсталған еді. Бірнеше күннен кейін әділет министрлігі жағдайға түсініктеме беріп, күдіктінің сот сараптамалық орталығына қатысы жоқтығын мәлімдеді.   Ведомство өкілі мәйітханада күзетшінің 2022 және 2023 жылдары тендерді жеңіп алған жеке компанияда жұмыс істегенін айтты. 

Алматы прокуратурасы 24 сәуірде “Мәйіттерді қорлау” фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Алайда қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу туралы қаулы шығып, тергеу тоқтады. Азамат психикалық ауытқушылыққа ұшыраған болуы мүмкін.

Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабының 7-бөлігінің 4-тармағы бойынша күдіктінің психикасында ауытқу немесе өзге де ауыр сырқаты бар екені анықталса, тергеу тоқтайды.

Фото: t.me/kozachkow 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу