Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маймыл шешегінен 50 адам қайтыс болды

Денсаулық
Маймыл шешегінен 50 адам қайтыс болды

Африкада 18 мемлекетте маймыл шешегінен қайтыс болған адам саны 1 мың 1 жүзге жеткен. Бұл туралы Африкадағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Жан Касея мәлімдеді.

-    Біз бұл індетпен күресуді жалғастырамыз және оның Африканың барлық елдеріне таралуын қаламаймыз, - деді ол.

Касея өзге әлем мемлекеттерін аурумен күреске құр сөзбен емес, нақты іспен көмектесуді сұрады. 

Осы жылдың тамызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкадағы маймыл шешегі індетін әлемдік денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады. Індет ошағы ретінде Конго Демократиялық республикасында екені айтылды. Соңғы 9 айда Африка құрлығында індет жұқтырғандар саны 42 мыңнан асқан.  

Фото: Reuters 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу