Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәміленің тазалығы күмәнді.  Құлыбаев британ королі әулетінің мүлкін қымбатқа алған

Әлем
Мәміленің тазалығы күмәнді.  Құлыбаев британ королі әулетінің мүлкін қымбатқа алған
ФОТОЛАР: © BBC / Reuters

BBC жариялаған жаңа зерттеуде марқұм Елизавета II патшайымның ұлы, ханзада Эндрюдің (Эндрю Маунтбаттен-Виндзор) Ұлыбританиядағы Беркшир графтығында орналасқан Sunninghill Park атты поместьені 2007 жылы қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаев сатып алғаны және мәміленің бірқатар тұсы күмән туғызатыны айтылады.

Зерттеуде көрсетілгендей, бұл жылжымайтын мүлік бастапқыда 1986 жылы Эндрюдің Сара Фергюсонмен некесіне байланысты «сыйлық» ретінде аталып жүрген. Кейін поместьені сату ұзаққа кетіп, ақыры 2007 жылы Құлыбаев тарапынан ұсыныс түседі.

BBC дерегінше, Sunninghill Park шамамен 15 млн фунт стерлингке сатылған. Бұқаралық ақпарат құралдары ол кезде сатып алушының сұралған бағадан 3 млн фунтқа артық төлегенін де жазыпты.

Материалда мәміле кезінде сатып алу үшін Unity Assets Corporation сияқты офшорлық құрылым қатысқаны, сондай-ақ, төлемге қатысы бар деп көрсетілетін Enviro Pacific Investments компаниясымен байланысты қаржыландыру желісі италиялық прокурорлар қараған басқа істерде «алаңдататарлық» деп баға берілген екен.

Сонымен бірге, зерттеуде бұрын Италияда жүрген тергеулердің Құлыбаевқа қатысты ресми айып тағумен аяқталмағаны, ал оның адвокаттары клиентінің «парақорлықпен немесе сыбайлас жемқорлықпен айналыспағанын», қаражаттың заңды болғанын мәлімдегені келтіріледі.

Financial Times бұған дейін де Құлыбаевтың Лондондағы қымбат жылжымайтын мүліктері Ұлыбританиядағы ашықтық талаптары күшейген тұста назарға іліккенін, ал Sunninghill Park мәмілесі көптен бері қоғамда сауал туғызатын келісімдердің бірі ретінде аталып жүргенін жазған.

Бұған қоса, ICIJ (Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы) материалында 2025 жылы Bloomberg Құлыбаевтың байлығының шығу тегі бойынша тексерістер аясында Қазақстан мемлекетіне шамамен 1 млрд доллар төлеу туралы келіссөздер жүргенін хабарлағанын, ал бұл ықтимал мәміле «кінәні мойындауды білдірмейді» деген сипатта талқыланғанын келтіреді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу