Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда жағалаудан 150-ден астам итбалық өлі табылды

Экология
Маңғыстауда жағалаудан 150-ден астам итбалық өлі табылды

Ғалымдардың есептеуінше, жағалаудан табылған итбалықтардың саны 151-ге жеткен.

Көптеген итбалықтардың денесінде механикалық зақымданулар бар.

Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды.

Өлі итбалықтар Баутино маңындағы Түпқараған ауданынан табылған. Бұған не себеп болғаны әлі белгісіз. Ғалымдар оны анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Қазір осы аймақтағы итбалықтарды зерттеумен айналысатын ғалымдардың айтуынша,  өлген итбалықтардың көпшілігінің денесінде механикалық зақымданулар бар, — деп жазды Сәрсенбаев әлеуметтік желіде.

Көктемде осы аймақта бір айда 182 өлі итбалық табылған болатын.

Фото: А.Сәрсенбаевтың instagram парақшасынан 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу