Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстаудағы итбалықтың қырылуының себебі белгілі болды

Экология
Маңғыстаудағы итбалықтың қырылуының себебі белгілі болды

Экология министрлігі Маңғыстаудағы итбалықтардың жаппай қырылуының ықтимал себебін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бүған дейін қазан айының соңында Маңғыстау облысында жағалаудан 150-ден астам итбалық өлі табылғаны туралы жазған едік. Осы мәселені блогер Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында көтерген болатын.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев итбалықтардың қырылуына адамдар кінәлі болуы мүмкін дейді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

- Итбалықтардың қырылуына балық ұстауға арналған ау себеп болды деген нұсқа бар. Яғни, адамның әсерінен, бірақ өлекселердің көп бөлігі қатты ыдырап кеткен. Сондықтан комиссияға барлық тиісті мамандар қатысады. Олар әрқайсы өз желісі бойынша зертханалық зерттеулер жүргізеді.  Қазір біз нәтижелерін күтіп отырмыз, - деді Әлиев.

 

Фото: А.Сәрсенбаевтың instagram парақшасынан 


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу