Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрі Бақтияр Орозов қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz Kaktus.media-ға сілтеме жасап.
Президенттің бұл шешімді «мемлекеттік және муниципалдық қызметшілердің этика нормалары талаптарының сақталмауына байланысты» қабылдағаны атап өтіледі.
Белгілі болғандай, Бақтияр Орозов 15 желтоқсанға қараған түні (сағат 01:40 шамасында) Қой-Таш ауылында Чүй облысы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлері тарапынан алкогольдік ішімдік ішіп, көлік басқарды деген күдікпен ұсталған.
Медициналық тексеріс кезінде оның ағзасында алкоголь бары расталған. Ал Бақтияр Орозов видеода сыра ішкенін айтқан.
Еске салайық, Орозов бұл қызметке 2025 жылдың мамырында, Білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) базасында екі министрлік құрылғаннан кейін тағайындалған еді. Сол кезде ағарту министрі болып Догдуркул Кендирбаева тағайындалған.