Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәжіліс төрағасы Ресейге ресми сапармен барды

Саясат
Мәжіліс төрағасы Ресейге ресми сапармен барды

 

 

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың Ресей Федерациясына ресми сапармен келді. Сапар аясында 4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына баруы жоспарланған.

Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесулер өтеді.

Казанда Мәжіліс төрағасы Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездеседі.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ өңіраралық экономикалық ынтымақтастық пен өзара мәдени-білім беру мәселелерін талқылайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу