Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекеттік басқарудағы жаңа өзгерістер  

Саясат
Мемлекеттік басқарудағы жаңа өзгерістер  

Конституциялық өзгерістерге сәйкес 33 бапқа 56 өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Мемлекеттік басқару моделі жаңарып, жергілікті басқаруда маслихаттардың ролі күшейеді.      

Конституцияның 43 бабындағы жаңартударға сәйкес президент ешқандай саяси партия төрағалығында болмайды. Жақын туған туыстары мемлекеттік басқару секторында, квазимемлекеттік салада басшылық қызметте отырмайды.

Бұл өзгерістер өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, мемлекеттік басқаруда жаңа өзгерістерге бастайды.

87 баптағы жаңартуларға сәйкес облыс әкімдері жанама сайлау бойынша сайланады. Қала, аудан маслихаттары толығымен можаритарлық жүйе бойынша таңдалады. Императивті мандаттың енгізілуі халық өкілдерінің ел алдындағы жауапкершілігін арттырады.

Алдағы референдумда халқымыз Конституциялық өзгерістерді саралап, өз таңдауын жасайды деп сенеміз.  

Бауыржан Серікбаев  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу