Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-приде екінші орын алды

Спорт
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-приде екінші орын алды

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде аралық екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, ол қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 93,21 ұпай жинаған. Бұл оған екінші орынға тұрақтауға мүмкіндік берді.

Қысқа бағдарламадан кейін бірінші орынға жапон спортшысы Шюн Сато шықты, онда 98,75 ұпай. Үшінші орын 91,22 ұпайымен француз Адам Сяо Хим Фиға тиесілі.

Енді мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу