freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мұғалімдердің біліктілік тесті: кім тапсырады және үстемақы қалай төленеді?

Білім-ғылым
Мұғалімдердің біліктілік тесті: кім тапсырады және үстемақы қалай төленеді?
Аlmaty.tv

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтар арасында талқыланып жүрген біліктілік тестін алып тастау туралы мәселеге түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министр бұл шешім уақытша емес, тұрақты сипатта екенін нақтылады.

Министрдің айтуынша, тест реформасы қоғамның көңілін аулауға емес, ұстаздардың жүктемесін жеңілдетуге бағытталған жүйелі қадам. Әлеуметтік желілердегі пікірлерді мұқият зерттеген министр тестке қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруді жөн көрген.

Кім тест тапсырады?

Қалыптасқан педагогикалық қоғамда жұмыс істеп жүрген мұғалімдер пәндік біліктілік тестін тапсырудан босатылды. Ал педагогикалық мамандыққа алғаш қадам басып жатқан университет түлектері тест тапсырады. Бұл жас мамандардың білім деңгейін анықтау үшін қажет.

Екі жылдан кейін олар педагог-модератор деңгейіне көтерілгенде педагогикалық біліктілік тестін қайта тапсырады. Қалған мұғалімдер категорияға немесе аттестацияға байланысты тест тапсыруға міндетті емес. Тесттің аттестацияға қатысы жоқ.

Үстемақы және портфолио:

Бұған дейін шекті балл жинаған 51 мың педагог бар. Олар портфолиосын жинап, шекті балдан асқан сертификаттарымен аттестация кезеңдерін өткізе алады. Қыркүйектен бастап аттестациядан өткен ұстаздарға қосымша үстемақы төленеді.

Портфолио жинақтау енді электронды түрде жүргізіледі, қағаз құжаттар мен қол жинау қажет емес. Ustaz платформасы жаңартылуда, қосымша ақпарат кейін хабарланады.

Сонымен қатар, авторлық бағдарламаларды жазу және ұсыну міндеті жойылды. Ұстаздар енді бұл жұмыстармен айналысуға міндетті емес.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу