Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Наркенже Серікбаева мен филармония басшысы татуласты

Мәдениет
Наркенже Серікбаева мен филармония басшысы татуласты

Әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның басшысы Ғалымжан Ерназаров арасындағы дауға нүктеге қойылды,- деп хабарлады Malim.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Олар бір-бірімен татуласып, ортақ келісімге келгенін мәлімдеді.

«Армысыздар, Қазақ елі! Кешелі бері маған жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жатқандарыңызға, рахмет! Алла разы болсын!

Бүгін мекемеге келіп, арнайы әкімшіліктен комиссия құрылып, Ғалымжан Ерназаров екеуміз бір-бірімізді түсіністік.  Бір-бірімізден кешірім сұрадық», - деді Н. Серікбаева

Филармония басшысының сөзінше, аталған мәселе бойынша арнайы комиссия келіп, екі тараптың арыз-талабын қарастырыған.

«Кешеден бері резонанс тудырған мәселе үшін кешірім сұраймыз! Әрбір үйдің мәселесі өз ішінде қалуы тиіс еді. Енді елге тарап кеткеннен кейін облыстық мәдениет басқармасынан және әкімшіліктен комиссия келді. Олар екеуміздің талаптарымызды, өтініштеріміз қарады. Бір-бірімізге қоятын мәселе жоқ.

Ешақандай дау-дамай және мәселені ушықтырып керек емес», - деді  Ғ. Ерназаров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде мәлімдеме жариялап, филармония директоры тарапынан анайы ұсыныс естігенін мәлімдеген болатын. Одан кейін филармония басшысы да жауап берген еді. 

Фото: видеодан скрин 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу