freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Назарбаевқа дейін бардық... Бекер бердік": Белгілі саясаттанушы ел естімеген шындықты ашық айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Назарбаевқа дейін бардық... Бекер бердік": Белгілі саясаттанушы ел естімеген шындықты ашық айтты (ВИДЕО)
Malim.kz коллажы

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім YouTube-тегі "Qazaq Airan" жобасына берген сұхбатында Қазақстан тарихындағы ең даулы шешімдердің бірі – ядролық қарудан бас тарту мәселесіне қатысты өз ұстанымын ашық айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Саясаттанушының айтуынша, Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тарту арқылы стратегиялық тұрғыда ұтылған.

"Атом қаруын беріп, біз ұтылдық. 1992 жылы, ұмытпасам, осы қаруды беру бойынша қарсы болдық. Біз соғысып жатқан ел емеспіз. Бірақ та сол қару бар кезде бізбен әлем санасатын еді. Мен сізге айтайын, біздің елге келмеген басшы жоқ. Англияның басшысынан бастап... Бізбен сәлемдесетін еді, себебі сол кезде ядролық қару бойынша біз үшінші немесе төртінші орында едік", – деді саясаттанушы.

Дос Көшім ядролық арсеналдан толықтай бас тарту – қате шешім болғанын айтады. Оның сөзінше, бұл мәселе сол кезеңде ел басшылығының алдына дейін жеткізілген.

"Біз ядролық қаруды бердік. "Бекер бердік, соны берудің қажеті жоқ еді" деп Назарбаевтың алдына дейін бардық. Осы көзқарастан мен әлі күнге дейін таңған жоқпын. Әрине, біз барлық ядролық шахталарымызды ұстап тұруға мүмкіндігіміз жоқ шығар. Кем дегенде 20-30-ын қалдырсақ, өзімізді қорғауға кепіл болар еді. Назарбаев сол кезде "біз бейбіт елміз" деді. Біреулер "сол арқылы ол атақ немесе Нобель алғысы келетін шығар" деді. Мен аса сене қоймаймын. Барлық шахтаны бір-ақ күнде бере салу – өзіміз тыр жалаңаш қалғанмен бірдей", – деді Дос Көшім. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу