Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионы атанды

Спорт
Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионы атанды

Отандасымыз Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды. 
Финалда ресейлік Юлия Чумгалакованы айқын басымдықпен жеңіп шықты. Есеп – 5:0. Осылайша қазақтан шыққан үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Назым бұған дейін 2014, 2016 жылдары алтын алған. 2012 жылғы жарыстың қола жүлдегері.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында қола жүлде алды.

Сондай-ақ Алуа Балқыбекова алғаш рет әлем чемпионы атанды.

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында екінші спортшымыз рингке көтерілді.

50 келідегі Алуа Балқыбекова финалда Қытайдың жас боксшысы Ху Мэйимен шықты. Жерлесіміз кездесуді толықтай өз бақылауына алып, жылдамдық жағынан бір бас жоғары болды. Есеп: 5:0. 

Бұған дейінгі Алуаның әлем чемпионатындағы көрсеткіші:

2022 жыл - күміс.
2023 жыл - қола.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу