freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Непалдағы жойқын су тасқыны: АҚШ $3,6 млн гуманитарлық көмек көрсетеді

Әлем
Непалдағы жойқын су тасқыны: АҚШ $3,6 млн гуманитарлық көмек көрсетеді
Фото: https://t.me/PresidentDonaldTrumpRU

АҚШ Непалға су тасқынының салдарын жою үшін $3,6 млн-нан астам гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, қаражат су тасқынынан зардап шеккен 10 мың үй шаруашылығын үш айға дейін азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталады.

«Непал мен Қытайдағы елшіліктеріміз америкалықтарға көмек көрсету және табиғи апаттың зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарды қолдау үшін тығыз ынтымақтастық орнатып отыр. Америка Құрама Штаттары Непал халқына қолдау көрсетіп, өмірлік маңызы бар гуманитарлық көмек ретінде $3,6 млн-нан астам қаражат бөледі. Оның ішінде су тасқынынан зардап шеккен 10 мың үй шаруашылығын үш айға дейін шұғыл азық-түлікпен қамтамасыз ету қарастырылған», – делінген хабарламада.

Непалдың құтқару қызметтерінің мәліметінше, су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 734 адамға жеткен. Тағы 2498 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Ал Қытай билігінің мәліметінше, табиғи апаттан 16 адам қаза тауып, 546 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу