Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нөсер жауын: Астанада көліктер әдеттегідей «жүзіп» жүр (ФОТО)

Қоғам
Нөсер жауын: Астанада көліктер әдеттегідей «жүзіп» жүр (ФОТО)

Жаңбыр жауса болды, Астана көшесін су басып кету үйреншікті көрініске айналғалы қашан. Қала билігіне қанша әкім келсе де, мұнымен күресе алмай-ақ қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін де елордада толассыз жауған жаңбыр салдарынан қала көшелері тағы да суға толып кетті. Көліктер «жүзіп» жүр.

Алдымен бармақтай бұршақ жауып, соңы толассыз жаңбырға ұласты. Су деңгейі жол жиегіне шығып кеткендіктен, жүргізушілер жолды көре алмай әбігерге түсіп жатыр.

Қаланың коммуналды қызметі нөсер жауын салдарын жедел жою үшін қанша жанталасқанымен, үлгере алмауда.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін еліміздің солтүстік өңірлерінде бұршақ жауып, соңы жаңбырға ұласады.

Фото: Malim.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу