Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Спорт
Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Кеше кешке еліміздегі интернет-ресурстар 82 жасында шаңырақ көтеріп, белігіл журналист Жадыра Сейдешті жар етіп алған, әнші Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғанын жазып жатты. Бәрі құтты болсындап, тілек тіледі.

Әңгіме «Алматы» телеарнасынан шығатын «Paparazzi» бағдарламасынан тараған еді. Бүгін телеарна басшысы Нұржан Жалауқызы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, кешірім сұрады.

«Құрметті ФБ оқырмандары!

Кешеден бері қазақ елінің біртуар азаматы Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы  тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді.  Ең алдымен Almaty телеарнасының басшысы ретінде Нұрғали ағадан кешірім сұраймын! Сіздің жүрегіңізге абайсызда түскен осынау қаяу менің әріптестерім үшін үлкен сабақ болары сөзсіз.

Сондай-ақ, телеарнамыздың  тапсырысымен дайындалатын Paparazzi бағдарламасының  тілшісімен көрермендерге жалған ақпарат таратқаны үшін бұдан былай жұмыс істемейтіндігімізді xабарлаймын», - деді арна басшысы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу