Украина Қауіпсіздік қызметі стендап-комик, Қазақстан азаматы Нұрлан Сабуровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Malim.kz. Kaztag-қа сілтеме жасап.
«Украина Қауіпсіздік қызметі менің арызым бойынша Қазақстан Республикасының азаматы Нұрлан Сабуровтың ықтимал қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтерді Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне енгізіп, тергеуді бастады», — делінген хабарламада.
Тергеп-тексеру Украина Қылмыстық кодексінің 111-2-бабы 1-бөлігі («агрессор мемлекетке жәрдемдесу») бойынша жүргізілуде.
Прониннің айтуынша, әңгіме Сабуровтың Ресей қарулы құрылымдарының өкілдеріне материалдық ресурстарды дайындап беруі және тапсыруы мүмкін деген күдік туралы болып отыр. Бұл мән-жайлар ресми тергеу аясында тексеріледі.
«Интерпол жүйесіне кіретін 196 ел ол үшін не қолжетімсіз кеңістікке айналады, не оны ұстап, Украинаға жазасын өтеу үшін тапсыратын нүктеге айналады», — деп түсіндірді адвокат Евгений Пронин.