Алматыда 6 микроқаржы ұйымның заңсыз әрекеттері әшкереленді

Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігі департаменті алты микроқаржы ұйымның заңсыз әрекеттерін әшкереледі

Сұлу Бөлек

  • 27.03.2025

Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігі департаменті алты микроқаржы ұйымның заңсыз әрекеттерін әшкереледі, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

"Creditum" МҚҰ, "Sofi Finance" МҚҰ, "Hava Finance" МҚҰ, "SF Offline" МҚҰ, "POS Credit" МҚҰ, "Сәлем Кредит" МҚҰ басшылығына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Төлемдері кешіктірілген қарыз алушыларды "KOKE.KZ", "TENGO.KZ", "HAVA.KZ" платформалары арқылы серіктес компаниялармен кепілдік шарттарын жасауға мәжбүрлеген", - делінген хабарламада. 

Бұл ретте кепіл берушінің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана күшіне енген. Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлемдер алып, азаматтарды қарызға батырған.

Нәтижесінде қарыз алушылар несиенің бастапқы сомасынан 3-5 есе көп төлем жасауға мәжбүр болған.

"Мысалы, қарыз алушы Ш. 120 мың теңге несие алып, негізгі қарыз бен пайыздарды қоспағанда тек кепілдік үшін 446 мың теңге төлеген. Осылайша, микроқаржы ұйымдарының негізгі табысы жалған кепілдік шарттары бойынша төлемдерден жасалған", - делінген хабарламада. 

Бұл заңсыз әрекеттерден жалпы сомасы 30 млрд теңге көлемінде шығын келген.
Тергеу жалғасып жатыр. 

Фото: Қаржы мониторингі агенттігі ұсынған видеодан скрин 

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды