457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада «Биг Шанхай» базары өртеніп кетті

18 шілдеде Астанада «Биг Шанхай» базары аумағындағы үш қабатты ғимаратта болған өртке байланысты түсіндіру штабы құрылып, жұмысын жалғастыруда. Штаб Алаш тас жолы, 30а мекенжайындағы "Anuar" супермаркетінің 3-қабатында орналасқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Штаб өрт салдарынан сауда нүктелері зардап шеккен барлық жалға алушыларға, кәсіпкерлерге және базар қызметкерлеріне кеңес беріп, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде.

Мұнда құқықтық, қаржылық және өзге де мәселелер бойынша кеңес алуға, әрі қарайғы әрекеттер бойынша қолдау алуға болады.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің, полиция департаментінің, қала әкімдігінің, инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, сондай-ақ базар әкімшілігінің өкілдері кезекшілік жасап, кеңес беріп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Байқоңыр ауданындағы Алаш тас жолы бойындағы жабық базардан өрт шыққаны хабарланған болатын. Өрттің кеш анықталуына байланысты жалын бүкіл ғимаратты шарпыған. Жанғыш заттардың көптігі өртті сөндіру жұмыстарын қиындатқан.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт таңғы 07:10-да оқшауланған, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Өрт жақын маңдағы ғимараттарға таралмаған. Алайда әкімшілік тарапынан өрт туралы хабарланбаған. Түтінді бірінші және үшінші қабаттағы терезеден байқаған өрт сөндірушілердің өзі өртті анықтаған.

Фото: видеодан кадр