Бес бала көз жұмған Жітіқарадағы өрт: тілсіз жауға не себеп болды?

Malim Админ

  • 23.12.2024

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқара қаласында бір отбасының бес бірдей баласының ажалына себеп болған төтенше жағдайға түсінік берді. 

— Өкінішке қарай, бес бала қайтыс болды. Бұқаралық ақпарат құралдарында балалардың жалғыз, қараусыз қалғаны туралы хабарланды. Жалғыз тірі қалған үйдің үлкен баласы таңертең тұрып пешті жағуға тырысқан болуы керек. Ол пешке отынмен бірге ол тағы бір нәрсе салған, сол жарылысқа себебі болған. Қайғылы оқиғадан кейін бірден балалардың анасымен кездестім, бірнеше күн ішінде отбасыға екі бөлмелі пәтер сатып алынды — деді Құмар Ақсақалов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында.

Одан бөлек, әкімнің айтуынша, зардап шеккен отбасына қаржылай қолдау мен психологиялық көмек көрсетілді.

— Енді біз үшін мұндай жағдайдың қайталанбауы маңызды. Жылу маусымы алдында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен өрт қызметі мамандары барлық үйді аралап түтін мұржасының, пештің жай-күйін тексеріп шықты. Жылу көздерін қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы нұсқаулық берілді, — дейді ол.

Еске сала кетейік, қазанның басында Қостанай облысы Жітіқара қаласында өрт шығып, бес бала қаза тапқан еді.

Фото: Gov.kz 

 

Байланысты жаналықтар

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Ұлттық паркте жалған дипломы бар қызметкерлер жұмыс істеген

14.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Америкалықтар асырап алған бес қазақ қызы елге келді

13.05.2025
MalimBlocks
Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Ұлттық паркте жалған дипломы бар қызметкерлер жұмыс істеген

Таразда депутат соққыға жығылды

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Америкалықтар асырап алған бес қазақ қызы елге келді

1999-2011 жылдар арасында шетелдіктер 8805 баланы асырап алған