Бұқтырма су қоймасындағы көпір салтанатты түрде қолданысқа берілді

Көпірдің құрылысына елеулі еңбек сіңірген және қолдау көрсеткен азаматтар марапатталды

Мадина Қайнарова

  • 25.10.2024

Республика күніне орай Бұқтырма су қоймасындағы көпір салтанатты түрде қолданысқа берілді.

Ашылу рәсіміне аймақ басшысы Ермек Көшербаев қатысып, айтулы шараға жиылған жұртқа ізгі тілегін жеткізді.

— Ұлттық мереке Республика күніне орай тарихи сәттің куәгері болып отырмыз. Бұл көпір Президенттің арнайы тапсырмасымен салынды. Бүгін облыстағы бірнеше ауданды байланыстыратын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Орталық Азиядағы ең ұзын көпір ашылды. Жаңа көпір тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, еліміздегі өнеркәсіп, құрылыс, кәсіпкерлік пен туристік салалардың дамуына ерекше серпін береді деп сенемін. Айта кетерлік жайт, бұл көпірді салуға бірде-бір шетелдік компания тартылған жоқ. Көпірді «ОблШығЖол» ЖШС тұрғызды. Берекелі бірлік пен ынтымақтың, әрбір азаматтың еңбегінің арқасында еліміз табысты дамуда, – деді Ермек Көшербаев.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Ермек Беделбайұлы көпірдің құрылысына елеулі еңбек сіңірген және қолдау көрсеткен азаматтарды марапаттады.

Абай облысы әкімінің кеңесшісі Азамат Қасым, «Күршім» паромының капитаны Алтай Бердікпаев, аға капитаны Серік Нүкетаев және басқарушысы Қадылбек Жармұхамбетов алғыс хаттармен марапатталды.

Фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

07.05.2025

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

07.05.2025

Шығыстың қалқаны: ШҚО әкімі Серебрянскіде аңызға айналған әскери бөлімде болды

06.05.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды