Дағыстанда бүгін – 28 қыркүйек Аза тұту күні деп жарияланды (ВИДЕО)

Жанармай құю бекетіндегі жарылыстан 10 адам қаза тапты

Мәди Саматұлы

  • 28.09.2024

Махачкала маңында болған жанармай құю бекетіндегі жарылыстан 10 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды. Соған байланысты Республика басшысы Сергей Меликов 28 қыркүйекті Аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін бәріміз үшін өте қиын күн. Дағыстанда 28 қыркүйекті аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылданды. Қайғы-қасірет үйлеріне келгендерге тағы да көңіл айтамын. Ресей ТЖМ күштері жанармай құю станциясында өртті жойды. Енді жауапты құрылымдар болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, себептерін түсініп, салдарын жою үшін жұмыс істейді. Кінәлілер, әрине, жазаланады, деп жазды Дағыстан Республикасының басшысы Сергеу Меликов телеграм-арнасында.

Айта кетейік, Махачкала маңында 27 қыркүйекте жанармай құю станциясында жарылыс болды. Өрт 500 шаршы метр аумақты шарпып, жанармай құю бекетінің ғимараты қирады, техникалық станция мен асхана өртеніп, екі жеңіл көлік пен жүк көлігі зақымданған.

Фото: бейнежазбадан скриншот

Байланысты жаналықтар

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Иранда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

27.04.2025

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

26.04.2025

Мәскеуде Ресей Қарулы Күштерінің генералы автокөлік жарылысынан қаза тапты

25.04.2025

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

25.04.2025

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

01.04.2025
MalimBlocks
Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

Иранда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Иранда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

Мәскеуде Ресей Қарулы Күштерінің генералы автокөлік жарылысынан қаза тапты

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Өзбекстанның Әндіжан облысының Ізбасқан ауданындағы мешіттердің бірінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алды