"Құдыққа құлаған". Шымкентте бала өлімі бойынша екі кәсіпкер қамауға алынды

Шымкентте алты жасар баланың өлімінен кейін екі кәсіпкер қамауға алынды. Мердігер компания басшылары жарылған кәріз құбырын дер кезінде жамап, уақытында апаттың алдын алмаған

Сұлу Бөлек

  • 25.04.2025

Шымкентте алты жасар баланың өлімінен кейін екі кәсіпкер қамауға алынды. Мердігер компания басшылары жарылған кәріз құбырын дер кезінде жамап, уақытында апаттың алдын алмаған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап. 

Тергеушілер олардың немқұрайлы қарағаны 1-сынып оқушысының нәжіс суына құлап, мертігуіне әкелді деп отыр.

"Құрылыс жұмысында қауіпті аумақты қоршау және ескерту белгілерін қою бойынша міндетін орындамаған. Қылмыстық іс қозғалып, полиция ЖШС басшыларын қамауға алды. Бұл құрылыс әлі бітпеген. Әкімдік балансына алынбаған", - деді Шымкент ПД бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Былтыр "Тұран" шағынауданында кәріз құбыры жарылып, оны жамауға келгендер техникамен ор қазып тастап кеткен. Оған нәжіс суы толып, тереңдігі үш метрлік көлшікке айналғанын тұрғындар әкімдікке талай айтқан. Жергілікті билік жұмысқа мердігерді жалдап, олар тағы бір компанияға тапсырып, ақыры жұмыс аяқталмай қалған. 

Фото: Видео кадры

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025
MalimBlocks