Шымкентте жоғалған 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Malim Админ

  • 05.02.2025

Шымкентте із-түзсіз кеткен 20 жастағы Бәйдібек Ақмырзаұлы өлі табылды,- деп хабарлайды Malim.kz. Бұл туралы Еламан Момынов есімді азамат әлеуметтік желіде жазды. 

Еділбек Бәйдібек Ақмырзаұлы табылды. Бірақ өкінішке қарай, бауырымыздан айырылып қалдық. Қандай жағдай болғанын қазірге айта алмаймын. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - дейді Еламан Момынов.  

Жас жігіт 2025 жылғы 14-қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкент қаласына жүргізуші куәлігін алуға келген. Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайдан шығарып салған. Аялдамаға келіп, әкесіне әлеуметтік желі арқылы ауылға қайтатынын жазыпты.   

15:22-де «Қатын көпір» аялдамасы маңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған. Соңғы рет әкесімен желі арқылы ауылға қайтатынын айтып байланысқан. Одан кейін хабар болмады, - дейді жақындары.  

Туыстары Еділбек Бәйдібекті іздеп таппағаннан кейін, 16 қаңтарда Тұран аудандық полиция бөліміне арызданған. Шымкент қалалық полиция департаменті іздестіру жұмыстарын жүргізген. 

Фото: видеодан скрин   

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады