Желіде бір оқушы басқа балаларды аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады

Сұлу Бөлек

  • 29.04.2025

Желіде бір оқушы басқа балаларды аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Видео Nemolchikz қорының Instagram-апрақшасында пайда болды. Жазбада Алматы облысы Іле ауданындағы №49 мектепте болғаны айтылды. 

Видео кадрында оқушы басқа балаларды мектептің әжетханасында тізіп қойып, оларды ұрып, боқтап жатқаны көрінеді. 

Видеоға Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы Жанна Арынбекова жауап берген.

"Білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізеді. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады. Оқушылардың қауіпсіздігі мен құқытары толық қамтамасыз етіледі. Тексеру нәтижелері туралы қосымша ақпарат береміз", - деп жазды ол.

Malim.kz редакциясы Іле ауданының әкімдігіне, Алматы облысы білім басқармасына сауал жолдады. 

Білім басқармасының айтуынша, оқиға былтыр қыркүйекте болған. Ал оқушы билы наурызда басқа облыстағы мектепке ауыстырылған. Арнайы комиссия құрылып, оқушыларға психологиялық көмек көрсетілген. 

"Тексеру нәтижесі бойынша, оқиға қатысты оқушылар мен қатар, тәрбиелік жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырмаған әрі арнайы органдарға уақытылы хабарламаған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралады", - деді -Алматы облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы,қорғаншылық,қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің басшысы Айжан Ізбасар.

Фото: Видео кадры

Байланысты жаналықтар

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

02.05.2025

Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр

30.04.2025

Темірмен ұрған: асырап алған балаға қатыгездік танытқан әйелге сот үкімі шықты

27.04.2025
MalimBlocks
Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр

Темірмен ұрған: асырап алған балаға қатыгездік танытқан әйелге сот үкімі шықты