Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Олжас Бектенов әкімдерге кешігіп жатқан құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды

Экономика
Олжас Бектенов әкімдерге кешігіп жатқан құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне құрылыс маусымын ұтымды пайдаланып, кестеден кешігіп жатқан медициналық нысандардың құрылысын жеделдетуді тапсырды.

Ауылда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» ұлттық жобасы 650-ден астам ауылдық елді мекенде заманауи медициналық пункттер ашуға мүмкіндік береді. Жетісу, Ұлытау, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарында құрылыс қарқыны тым баяу. Мысалы, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында осы күнге дейін 6 объект бойынша жобалық құжаттама әзірленбеген. Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 8 жоба бойынша мемлекеттік сараптама дайын емес. Өңір әкімдері тарапынан дәл осы жобалау және құрылыс жұмыстарына бақылаудың кемшін болуы Ұлттық жобаны іске асыру мерзімдерінің созылып кетуіне алып келеді. Нысандарды уақытылы тапсыру үшін құрылыс маусымын тиімді пайдалану керек, - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігіне қалған 188 медициналық нысанды салу жұмысына апта сайын мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.

Фото: Үкімет 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу