freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Онлайн-казиноны жарнамалаған Қайсар Хамза 7 жылға сотталуы мүмкін

Қоғам
Онлайн-казиноны жарнамалаған Қайсар Хамза 7 жылға сотталуы мүмкін
Фото: видеодан кадр

Қазақстан азаматы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікпен Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, экстрадициялау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті 2025 жылдың қаңтарында әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ауқымды аудиториясын пайдаланып, сыйақы үшін заңсыз интернет-казиноны жарнамалап, Қазақстан азаматтарын құмар ойындарға қатысуға тартқан. Осы қызметі үшін оның криптовалюталық әмиянына 200 мың АҚШ доллары түскені анықталған.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық топ 2021 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан аумағында бірнеше заңсыз онлайн-казиноның жұмысын ұйымдастырып, төлем терминалдары арқылы 106 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген.

Қазіргі уақытта қылмыстық топтың тоғыз мүшесі қамауға алынған. Қалған күдіктілерге, оның ішінде экстрадицияланған азаматқа да халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Ол биыл маусым айында Интерполдың сұрауы бойынша Вьетнамда ұсталып, Бас прокуратураның өтініші негізінде Қазақстанға жеткізілді.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айып дәлелденген жағдайда, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу