19 млн теңгені үптеп кеткен интернет-алаяқ ұсталды

WhatsApp арқылы алаяқтық жолмен несие ресімдеген

Malim Админ

  • 31.07.2024

Жамбыл облысының прокуратурасы интернет арқылы үш адамды алдаған күдікті ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

18 шілдеде Тараз қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 3 сенімді азаматын интернет байланысы арқылы алдаған Ресей Федерациясының «Р» есімді азаматын ұстаған болатын. Жоғарыда аталған азамат осы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында өз сыбайластарымен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалып, «Екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлері» және құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, алаяқтар азаматтардың атынан несие алмақшы екенін айтқан. Осы схеманы пайдалана отырып, алаяқтар WhatsApp әлеуметтік желісінің бейнебайланысы арқылы алаяқтық жолмен несие ресімдеп, жәбірленушілердің 19 млн теңгесін иемденген.

Аталған факті бойынша 25.04.2024 жылы ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі сотқа дейінгі тереп-тексеру басталды. Күдікті Мемлекеттік шекара бекетінен Қырғызстанға өту кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: Inform.kz

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

08.05.2025

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

08.05.2025

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

06.05.2025

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

06.05.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

Оқиға орнына қаруды кім әкелгені әлі белгісіз болып тұр

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады