«Адвокат жалдадым»: Талғардағы қылмыстық топтың басшысы делінген Хасан Қасымбаев ел алдына шықты

Хасан Қасымбаев жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты

Сабина Асқарқызы

  • 15.10.2024

Талғарда бір топ адамның қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың өлімі барша қазақстандықтарды бейжай қалдырмады. Әлеуметтік желіде баланың өліміне кінәлілердің артында "Хутор бандиттері" атты қылмыстық топтың тұрғаны және оның басшысы Хасан Қасымбаев екені айтылып жатыр. Аталмыш істе аты аталған Хасан Қасымбаев үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Хасан Қасымбаев өзі туралы айтылған ақпараттың барлығы жалған екенін алға тартып отыр.

“Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттағы Қасымбаев Хасан деген мен боламын. Талғарда болған қайғылы оқиға, Шерзат деген баланың қазасына, туған-туысқандарына, әке-шешесіне қайғырып көңіл айтамын. Әрине, қиын. Ешқайсымыздың басымызға бермесін. Мен де әкемін. 3 бала тәрбиелеп, өсіріп отырмын. Біздің отбасымызға да оңай болып тұрған жоқ. Қанша күннен бері ұйқы жоқ. Жалған ақпарат менің және отбасымның мазасы кетті”, – деді ол.

Ал өзі туралы осындай қауесет таратып жатқандардың үстінн шағым түсіретінін атап өтті.

“Банда, ОПГ деп жатыр ондайға қатысым жоқ. Заң алдында проблема болмаған, сотталмағанмын. Әрине, інісі сотталған деп айтып жатыр. Інім 2017 жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Сондықтан жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын. Адвокат жалдадым, жалған ақпарат таратқан тұлғалардың бәрін заң бойынша жауап беруін сұраймын. Мен туралы айтылып жатқан ақпарат көп, заң бойынша арыздарын жазсын. Қылмыскерлер ұсталып, заң бойынша жазаларын алады деп ойлаймын”, – деді ол үндеуінде. 

Байланысты жаналықтар

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда жер сілкінді

Талғар ауданында атыс болды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды