АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрылды

Штаб мүшелері атом энергетикасының артықшылықтары мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді

Malim Админ

  • 05.09.2024

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысын өткізді. Штаб құрамына 6 саяси партия мен 20-ға жуық қоғамдық ұйым өкілдері кірді.


Мақсат – алдағы референдумға дайындық барысында халыққа атом электр станциясын салудың маңыздылығын түсіндіру.

«АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан Халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді», - деді Ерлан Қошанов.

Қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы бар, осы уақытқа дейін оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. АЭС құрылысы бұл мәселені шешіп, елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Штаб мүшелері алдағы уақытта өңірлердегі тұрғындармен кездесіп, атом энергетикасының артықшылықтары мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша референдум 6 қазанға белгіленген.

Фото: Midjourney  

Байланысты жаналықтар

Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

07.11.2024

АЭС-ті Ресей салған жағдайдағы саяси тәуекелдер. Скляр не деді?

08.10.2024

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024

Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

06.10.2024

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов референдумда дауыс берді

06.10.2024
MalimBlocks
Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

«Росатом» бұл мәселені шешуге қажетті өз құзыретін ұсынуға толығымен дайын», – деді ол.

АЭС-ті Ресей салған жағдайдағы саяси тәуекелдер. Скляр не деді?

Шартта санкциялық келісім қарастырылатын болады

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 млн 284 мың 487

Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Қазақстан бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс берілді.

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары бағалады

Бақылаушылар арасында 6 елдің аккредиттелген тұлғалары бар

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов референдумда дауыс берді

Ол референдумның демократияны нығайту жолы екенін атап өтті