Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

Психологтарды әбден тыңдап алған.

Берік Дәулетов

  • 17.05.2024

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің айтуынша, адам өлтіріп қоймаса, қиянат жасап, кешірілмейтін күнә жасамаса, ажыратпайтын заң шығару керек, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол бұл пікірін Nege.kz сайтына берген сұхбатында айтқан.

Бүгінде түкке тұрмайтын нәрсеге бола ажырасып кетіп жатқандар көп. «Күйеуіммен мінезім жараспады» дейді екен. Бұл не? Заманына қарай заңы, заңына қарай заманы, заманына қарай адамы бар. Бәріне жан-жақты қарау керек. Кей қыздар үйде отырғысы келмейді. Психологтарды әбден тыңдап алған. «Мен де тұлғамын. Мен де қызметке араласып, танымал болғым келеді» дейді. «Күйеуім киімін өзі жусын. Оны жууға міндетті емеспін» деп кергиді. Күйеуіне, ата-енесіне қарамаса, отбасы құндылығы көк тиын болғаны. Онда еркекке әйелдің не керегі бар? – дейді композитор.

Оның айтуынша, әйел билікті өзіне көп алып, еркектер әйелге айналып кетті.

Бұрын «Әкең келе жатыр» дегенде, президент келе жатқандай елестейтін. Анамыздың өзі әкемізді қалай құрметтеді? Сол құрмет балаларының көз алдында қалып қойды. Бір кездері әйелдер ала дорба асынып, пойыз жағалап сауда жасауға шығып кеткенде еркектер бала-шағасына иелік етіп, үйкүшік болып қалды. Көп еркек әйелге айналып кетті. Оған заманның экономикалық қиындығы да себеп, онымен қоймай әйел билікті өзіне көп алды.

Кез келген мәселеге біржақты қарамау керек. Себеп-салдарын анықтап, мүмкіндік болса отбасын ажырастырмайтын отбасылық институттар ашылуы керек. Ұлтты сақтап қалу, отбасы құндылығын сақтап қалу жөнінде саясат жүргізілмесе, жағдай қиын. Бұл жағынан өзбек халқынан үйренетін тұсымыз көп, - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады