Алматыда стендап-комик Нұрасхан Басқожаев 15 тәулікке қамалды

Ол танымал блогерге әдепсіз сөз айтқан.

Сабина Асқарқызы

  • 24.05.2024

Алматыда стендап-комик Нұрасхан Басқожаевқа ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот анықтағандай, айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Мадлен деген атпен танымал болған блогер Мадинахон Мамадалиева әзілкеш Нұрасхан Басқожаевтың сөзіне қарсылық танытып, үстінен арыз түсіретінін айтқан еді.

Фото: festival.goviral.kz

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды