Алматылықтар АЭС құрылысы бойынша референдумда белсенді

Қаладағы сайлау учаскелерінде кезек байқалады

Мәди Саматұлы

  • 06.10.2024

Таңертеңнен бастап алматылықтар белсенді дауыс беріп жатыр, ал кейбір сайлау учаскелерінде кезек байқалады. Тұрғындар жоғары белсенділік көрсетіп келеді, бұл олардың қоғамдық мәселелерге деген қызығушылығының жоғары екенін білдіреді, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматыдағы Өңірлік коммуникация қызметінің мәлімдеуінше, қаланың Наурызбай ауданының сайлау учаскелерінде тарихи сәтте қарттар дауыс беріп қана қоймай, бата беріп, бұл сәттің маңыздылығын айтып, болашақ ұрпаққа бақ-береке тіледі.

Бүгін біз маңызды мәселе бойынша пікіріміз бен ұстанымымызды білдіріп, жастарымыздың жарқын болашағына үміттенеміз, деді дауыс берушілердің бірі әрбір азаматтың дауыс беруі Қазақстанның дамуына маңызды үлес болатынына сенім білдіріп.

Ауданның сайлау учаскелеріне келген қарт тұрғындар әрбір дауыстың маңызы бар екенін, ел мен халық үшін бұл шешімді қолдау өзекті екенін атап өтті.

Референдумға танымал қоғамдық қайраткерлер, спортшылар және әртістер де қатысып жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге алғашқы дауыс берушілердің бірі болып, №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Айта кетейік, қалада барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

Фото: Алматы Өңірлік коммуникация қызметі

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды