Ақмола облысының жылыту маусымына дайындығы тексерілді

Роман Скляр Степногорск қаласының ЖЭО-дағы қаланың тұрғын үй секторын тексерді.

Арман Қайыпхан

  • 20.07.2024

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Степногорск және Көкшетау қалаларының жылумен жабдықтау көздеріндегі жөндеу жұмысының барысымен танысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Роман Скляр Степногорск қаласының ЖЭО-дағы қаланың тұрғын үй секторын, Заводская кентін, сондай-ақ елді мекен аумағындағы кәсіпорындарды жылумен қамтамасыз ететін жоспарлы жұмыстарды тексерді. Нысанды жылыту маусымына дайындауға биыл 7,4 млрд теңге бөлінген. Екі қазандық агрегатын бөлшектеу, турбогенераторларға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Екі турбогенератор бойынша жұмыс аяқталды.

Биыл ұзындығы 7,5 км магистралды жылу желілерін жөндеуге Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді. Мердігер ұйым құбырды бөлшектеу және төсеу жұмысын жүргізеді. Сонымен қатар қалада 9,6 км жылу желісін реконструкциялау жобасы іске асырыла бастады.

Бірінші вице-премьер жылыту маусымының кедергісіз өтуі үшін жұмыстың сапасын әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Көкшетау қаласында Р. Скляр АҚ-1 және АҚ-2 қазандықтарын қарап шықты. Үкімет резервінен бөлінген 3,7 млрд теңге есебінен жылу көздерін, жылу желілерін жөндеу, қоймалжың жеткізгіш құбырларының сұйылту жүйесін реконструкциялау және күл үйіндісі шұңқырының бөгетін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

Облыс орталығында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары әрқайсысы 1,5 мың орындық екі жайлы мектептің құрылыс барысымен танысты. Нысандарда кірпіш қалау, әрлеу, сыртқы және ішкі инженерлік желілерді орнату, терезе блоктарын орнату жұмысы жүргізілуде.

Роман Скляр құрылыстың белгіленген мерзімде сапалы аяқталуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

Бірінші вице-премьер М.Ғабдуллин көшесіндегі (Ақан сері көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін) жол учаскесін реконструкциялау жұмысымен танысты. Ақан сері көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейінгі жылу магистралінің өткізу бөлігін кеңейту және қайта жаңарту жоспарланған.

Р. Склярға осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жылу желілері бойынша жұмысты орындау жоспарланғаны, учаскені жөндеу 2025 жылы аяқталатыны баяндалды.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік жүргізушісі өлі табылды

06.04.2025

Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

05.04.2025

Ақмола облысында елді мекендерге баратын жол су тасқынына байланысты жабылды

04.04.2025

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

30.03.2025

Фельдшерге шабуыл жасаған Ақмола тұрғыны сотталды

30.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік жүргізушісі өлі табылды

Құтқарушылар көлік ішінде жүргізушімен бірге болған екі жолаушыны судан аман алып шықты

Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

Ақмола облысында 2 жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

Ақмола облысында елді мекендерге баратын жол су тасқынына байланысты жабылды

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды

Фельдшерге шабуыл жасаған Ақмола тұрғыны сотталды

Ақмола облысында Степногорск тұрғыны жедел жәрдем фельдшеріне қол көтергені үшін 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты