АҚШ-тағы Қазақстан азаматтарына қатаң ескерту жасалды

АҚШ билігі заңсыз негізде жүрген шетелдіктерге елден өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр

Сабина Асқарқызы

  • 27.01.2025

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы азаматтарына қатаң ескерту жасалды. Бұл туралы еліміздің АҚШ-тағы елшілігі мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Құрметті Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары! ҚР АҚШ-тағы Елшілігі Америка Құрама Штаттары шекара қауіпсіздігін нығайту және заңсыз миграцияны азайту мақсатында миграциялық саясатын барынша қатаңдатқанына назарларыңызды аударады, делінген хабарландыруда.

Шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз миграцияны азайтуға бағытталған шаралар елге заңсыз келген шетелдіктерге (визасыз келген және тұрақты тұруға рұқсаты жоқ азаматтар) және АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттарға қатысты болып отыр. Қамауға алу және елден шығару сынды мәжбүрлеу шараларымен қатар, АҚШ-қа қайта кіруге шектеулер енгізіліп, сондай-ақ әлеуметтік көмек, жұмыс істеуге рұқсат беретін құжаттар мен басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді жою қарастырылуда.

АҚШ билігі заңсыз негізде жүрген шетелдіктерге (құжаты жоқ, жарамсыз виза мен тұрақты тұруға рұқсаты (Грин Карта) және басқа құжаттар болмауы) елден өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр.

Бұл шара Қазақстан азаматтарының депортацияға ұшырау қаупін азайтуға және оның салдарынан болашақта АҚШ визасына өтініш бергенде ел аумағына кіруге тыйым салынуынан сақтануға көмектеседі.

Тағы бірқатар өзгерістерді атап өтуге болады:

«Мексикада қалыңыз» саясаты қайта енгізілді, яғни мигранттар және саяси баспана сұрайтындар миграциялық сотқа шақырғанға дейін Мексикада қалуға міндеттеледі;

«Ұста да жібер» (catch and release) шарасы тоқтатылды. Бұл АҚШ шекарасынан заңсыз өткен мигранттар ісі қаралмайынша қамауда болатындығын білдіреді. Оларды арнайы орталықтарға қамап, немесе бірден келген елдеріне қайтаратын болады.Сонымен қатар азаматтар үшінші елдерге де жіберілуі мүмкін (мысалы, «Мексикада болу» бағдарламасы бойынша);

Шартты түрде уақытынан ерте босататын немесе АҚШ-қа кіруге алдын-ала жеңілдіктер қарастырылған «CBP One» мобильдік қосымшасы жұмысын тоқтатты.

АҚШ көші-қон заңнамасындағы өзгерістер туралы ресми ақпаратты келесі ресурстардан бақылап отыруды ұсынамыз:

- АҚШ азаматтығы және иммиграция қызметі (USCIS);

- АҚШ Мемлекеттік департаменті - Консулдық мәселелер бюросы

Төтенше жағдайлар немесе консулдық-құқықтық көмек қажеттілігі туындаған жағдайда, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

Қазақстан Республикасының Елшілігі: +1 202 232 5488 ішкі 127, 109, 121;

ҚР Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы: +1 332 207 9632;

ҚР Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы: +1 650 741-8894, делінген ақпаратта.

Фото: pixabay

Байланысты жаналықтар

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025
MalimBlocks
Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.