Ақтауда тұрғын үйде бүрге қаптап кеткен

Тұрғындардың пәтер иелерінің кооперативіне сұраныс жіберіп жүргелі үш жыл болған.

Malim Админ

  • 24.06.2024

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде бүрге қаптап кетті. Бүкіл пәтерді жайлап алған зиянкестер тұрғындарды тынышынан айырды. Бүргелер ересектерді де, балаларды да шағып, денесінің сау жерін қалдырмаған, деп хабарлайды Malim.kz Astana.tv телеарнасына сілтеме жасап. 

Тұрғындардың бірі екі жастағы немересінің аяғын бүрге шаққаннан қасып тастағанын айтады. Оны дерматологқа апарғанда маман мұны бүрге шаққанның салдары деп анық айтқан. Тұрғынның айтуынша, соңғы үш жылда үнемі бүрге қаптайды. Олар алдын алу шаралары жүргізілмейді де ашынады.

Бүрге шаққаннан. Мамыр, маусым, шілде айлар ылғи осылай өтеді. Маусым аяқталып қалды, ал бізге әлі дизинфекция жүргізілген жоқ, – дейді Айшат Абдурахманова.

Тұрғындардың пәтер иелерінің кооперативіне сұраныс жіберіп жүргелі үш жыл болған.

Жыл сайын маусым айында осы мәселе. Бүргелер қаптайды. Үйге кіру мүмкін емес. Бүргелер үстімізге жабысып, 1-қабаттан бастап, 4-5-ші қабаттағы үйімізге барамыз. Күрескенімізбен, нәтиже жоқ. Яғни, дезинфекция жасау үшін пәтер иелерінің тұтыну кооперативіне тапсырыс береміз. Биыл да өтініш бердік, бірақ әлі жасамады, – дейді тұрғындардың бірі.

Зиянкестермен күрес жұмыстарын жүргізетін жергілікті компания жүйелі түрде дизинфекция жасалып жүргенін айтады. Тұрғын үйге қызмет көрсететін коммуналдық мекеменің мәлімдеуінше, өтініш түскен сайын залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, маусым айында 8 үйге дизинфекция жұмыстары жүргізілген.

Бүрге мәселесі жыл сайын көтеріледі. Бұған көндігуден бұрын, мүның факт екенін қабылдау керек. Дизинфекциямен айналысатын көп компаниялардың жұмысы тиімді бола бермейді. Біз басқа жолдарын қарастырып жатырмыз. Бар айтарым, біздің жұрғынүйдің басшылығы барынша тырысып жатыр, – дейді “Актау Рауан LTD” пәтер иелерінің тұтыну кооперативінің диспетчері Салима Менгисиева.

Сондай-ақ ол тұрғынүйдің жертөле мен кіреберістердің бәрі дизинфекцияланатынын айтып уәде берді. 

 

Байланысты жаналықтар

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

06.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

25.04.2025

Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы алынды

25.04.2025
MalimBlocks
Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы алынды