Ақтөбеде «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ белсенділері су тасқынынан зардап шеккен отбасыға құрылыс материалдарын сатып алуға көмектесті

Бұған дейін қордың Ақтөбе өкілдігі қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың атына бір күндік жалақы жолдаған болатын. 

Malim Админ

  • 11.04.2024

Ақтөбе облысында Мағаджан бөгетінің бұзылуы салдарынан Алға ауданындағы ауыл тұрғындарының үйлері су астында қалып, қирады. Су ағыны Алғалиевтер отбасының тұрғын үйі мен шаруашылық құрылыстарын зақымдады. Отандастарымызға «Әділдік және Өркендеу» Республикалық қоғамдық қорының Ақтөбе өңірлік өкілдігінің белсенділері қол ұшын созды, деп хабарлайды Malim.kz.

Су тасқынынан зардап шеккен «Сәрсенғали» шаруа қожалығы басшысының айтуынша, үлкен судың кенеттен келуі ауыл тұрғындарына ауыр соқты.

Мен апат басталған күнді ешқашан ұмытпаспын. Су әр минут сайын келіп тұрды, біз қайда барып, бірінші кезекте нені құтқаратынымызды білмедік, - деп бөлісті Сәрсенғали Алғалиев.

Қазір су кетті, Алғалиевтер отбасының үйі мен ғимараттары қалды. Бірақ мұнда тұру мүмкін емес. Үйдің қабырғалары жарылып, дымқыл болды. Жиһаз әбден бүлінген, еден көтеріліп, бөлмелерде ылғалдың иісі қалып қалды.

«Әділдік және Өркендеу» қорының белсенділері құрылыс материалдарын сатып алуға қаражат бөліп, шаруларды қолдау туралы шешім қабылдады.

Су тасқыны апаты бізге ауыр тиді. Өзімізді бүкіл әлемде жалғыз қалғандай сезіндік. Сондықтан жағдаймызға бей-жай қарай алмайтын адамдардың көмегі біз үшін баға жетпес қолдау. Мен «Әділдік және Өркендеу» Қорының белсенділеріне жәрдем бергені үшін шын жүректен алғыс айтамын! - деді Сәрсенғали Алғалиев.

Бұған дейін «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Ақтөбе өкілдігі қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың атына бір күндік жалақы жолдаған болатын. Сонымен қатар Қордың мүшелері бөгеттер салуға, жағалауды нығайту жұмыстарына, су басқан өңірлерге гуманитарлық көмек жинауға және оны жеткізуге белсенді атсалысып жатыр.

Фото: дереккөз

Байланысты жаналықтар

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025
MalimBlocks
Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды