Ақтөбенің Ырғыз ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қарғалы өзені арнасынан асып, Ақтөбе қаласындағы бау-бақша ұжымында адамдар эвакуацияланды.

Malim Админ

  • 08.04.2024

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында да төтенше жағдай жарияланды. Бұл - өңірдегі төтенше жағдай жарияланған алтыншы аудан. Сонымен бірге Ақтөбе қаласында да түнде 100-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Kazinform.kz

Ақтөбе облысы бойынша әлі де жағдай тұрақты емес. Қарғалы өзені арнасынан асып, Ақтөбе қаласындағы бау-бақша ұжымында адамдар эвакуацияланды.

Қарғалы су қоймасы толды және Қарғалы өзенінде су деңгейі көтеріліп, Ақжар және Садовое тұрғын алаптары аумағындағы бау-бақша ұжымдарын су басу қаупі туындады. Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы орган өкілдері, полиция мен әскерилер 140-тан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Олардың 25-і бала, — деді Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова. 

Оның айтуынша, түні бойы Қарғалы өзені бойында орналасқан бау-бақша ұжымдарының үйін сақтау үшін су бұру, арнаны бекіту жұмыстары жүргізілді. Судың бағытын бөгеу жұмыстарына 80-нен аса әскери, мердігер компания өкілдері мен 10-ға жуық ауыр техника жұмылдырылды. 

Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ырғыз ауданында тасқын судан келген залал бар. Бүгін мұнда жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе қаласы мен Ойыл, Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би аудандарында төтенше жағдай жарияланды.

Фото: Gov.kz

Байланысты жаналықтар

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

07.05.2025
MalimBlocks
Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Алматыда жер сілкінді

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті