Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Білгішсінбе»: Қарағандының әкімі желідегі пікірі үшін жазаланды

Қоғам
«Білгішсінбе»: Қарағандының әкімі желідегі пікірі үшін жазаланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі комиссиясында Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықовқа қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Stan.kz-тің жазуынша, Әдеп жөніндегі комиссия мүшелері Қарағанды қаласы әкімінің әлеуметтік желідегі оқырманына жазған пікіріне қатысты іс материалдарын қарады.
Бұған дейін Мейрам Қожықов желідегі оқырманына "Сен білгішсінбе, одан да барып ойыншықтарыңды ойна" деген пікір қалдырып, сынға қалған.

"Тексеру барысында Қарағанды қаласы әкімінің әрекеті әлеуметтік желілерде азаматтардың сынына себеп болғаны анықталды. Анықталған фактілер бойынша комиссия әкімге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды", – делінген хабарламада.

Фото: inkaraganda.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу