«Білегі көгеріп тұрды, қарай алмай жылап алдым»: Салтанаттың көмекшісі сотта жауап берді

Ол Нүкенова астролог болған кезде көмекшісі қызметін атқарған.

Malim Админ

  • 10.04.2024

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенованың көмекшісі болған Анар Тасова жауап берді. Ол Нүкенова астролог болған кезде көмекшісі қызметін атқарған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Анар Тасова бір рет Бишімбаевтың үйінен Салтанатты алып кеткенін айтады. Сол кезде Салтанаттың еңсесі түсіп тұрғанын көрген.

Бетінен соққы ізін байқамадым. Мүмкін, ол боянып алғаннан кейін де шығар. Бірақ мойнының сол жақ бөлігінде жіптен із болды. Тіпті екеуміз бірге түскен фотосурет те бар. Сол суретте де көрініп тұр. 5 шілдеде Салтанат екеуміз селфи жасағанбыз. Салтанат бір қырын беріп түсті. Мен дәретханаға бірнеше рет барып, жылап алдым. Ол соны көріп отырды. Мен оны көрмес үшін маған көрсетпей бір қырымен отыратын. Білегі ашық көйлегінен көгергенін көрдім. Едәуір үлкен, көгерген іздер. Қорқынышты болды, - дейді ол.

Анар Тасова Салтанат Нүкенова өзіне ылғи күйеуімен ұрсысатынын, Бишімбаев оны әбден қадағалап, соғатынын айтатынын есіне алады. 

Қазбалап сұрамайтын едім. Өйткені оған онсыз да ол жайлы айту ауыр болған, - дейді ол.

Жәбірленуші тараптың адвокатының бірі Салтанаттың денесі көгергенін көріп, ағасына айтуды неге ұсынып көрмедіңіз деп сұрады. 

Мен Салтанатқа «қазір әуежайға барайық, сол жаққа барайық, билет қарайық» дедім. Павлодарға билет іздегенде таппадық. Мен Салтанатқа «Айтбекке мен айтайын» деп ұсындым. Ағасының нөмірі  бар еді. Бірақ Салтанат ешкімге айтпа деді, - дейді Анар Тасова.

Сотталушы Қуандық Бишімбаевтың өзі Анар Тасоваға бірнеше сұрақ қойды. Салтанаттың мойнында “жіптен із болғанын қайдан білдіңіз, оның өзі сізге айтты ма?” деп сұрады. Анар Салтанаттың өйтіп өзіне айтпағанын, бірақ Салтанат өз-өзіне ондай жарақат сала алмайтынын жеткізді.

Анар Тасова сұрақ-жауап барысында Салтанат Нүкенова тұрмысқа шықпас бұрын өзіне айына шамамен 250-300 мың теңге төлегенін айтты.

Фото: Жоғарғы сот

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды