БҚО-да жасөспірім қызды зорлаған кәмелетке толмағандар сотталды 

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Арман Қайыпхан

  • 05.06.2024

БҚО-да жасөспірім қыздың зорлау ісі бойынша сот үкімі шығып, бес адам сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Р. және төрт кәмелетке толмағандар - М., А., Н., Қ.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. 

А. және Н. - алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бұзақылық жасау (ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігі 1) тармағы); Қ. - автомобильді ұрлау мақсатынсыз айдап кету ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ көлік құралына заңсыз кiрумен бөтеннің мүлкін жасалған ұрлық (ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3) тармағы); А. және М. - көлік құралына заңсыз кiрумен адамдар тобының алдын ала сөз байласуылары арқылы жасалған ұрлық (ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3) тармағы)", - делінген сот хабарында. 

Оларға зорлау, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты жыныстық қатынас жасау. Бұл Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі. 

Сот хабарына қарағанда, 2023 жылдың 11 мамырында А. және Н., сауда үйінде темекі тартып келе жатқан Н.-ға ескерту жасаған В.-ға дене жарақаттарын салған. 23 мамырда Қ. есімді сотталушы Lada маркалы автокөлігін ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленіп, көлік иесіне 725 мың теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген. 

29.05.2023 жылы Қ. Hyundai маркалы автокөлігіне заңсыз кiріп, ақша қаражатын ұрлап, көлік иесіне 1 млн. теңгеден асатын материалдық залал келтірген. Ал 10 маусымда А. және М. Volkswagen маркалы автокөлігіне заңсыз кіріп, ұялы телефонды ұрлап, оның иесіне 130 мың теңге материалдық залал келтірген. 

11.06.2023 жылы сотталушылар адамдар тобымен жас қыз баланы зорлаған.

А. жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасаған. 

Сотталушылардың кінәлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауаптарымен, жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарап-тексеру, алу, беттестіру хаттамаларымен, жас баладан жауап алу хаттамаларымен, тергеу судьясымен айғақтарды сақтауға қою хаттамасымен, бейнежазбалармен, сараптама қорытындыларымен, соның ішінде жас баланың денесінде көптеген қаңталаудың анықталғаны, қиялдау және еліктеушілік бейімділік белгілері байқалмағаны, тергеу әрекеттеріне қатысушылардан оған психологиялық қысым көрсетілмегендігімен өз дәлелін тапты. 

Прокурор тағылған айыпты толығымен қолдап, барлығына нақты бас бостандығын айыру жазасын тағайындауды сұраған. Жәбірленушілер сотталушыларға қатаң жаза тағайындауды сұрады. 

Жәбірленушінің өкілі мен адвокаты, оның сотта берген жауаптарын негізге алып, оған қатысты зорлық-зомбылық болмағанын айтып, сотталушыларға қатысты ақтау үкімін шығаруды сұрады. 

Қорғау тарапы қылмыс құрамы болмауына байланысты сотталушыларға барлық қылмыстар бойынша ақтау үкімін шығаруды сұрады. Сотталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындамаған. 

Сотталушылар өздеріне тағылған айып бойынша, яғни ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін кінәлі деп танылды. 

Сот, сотталушылардың жасаған қылмыстарының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, ауырлататын мән-жәйлардың жоғын, М., А., Н. және Қ.-ның қылмыстарды жасаған кезде олардың кәмелетке толмауын ескерді. Сот, сотталушы Р.-ға 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Кәмелетке толмаған М. және Н.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті 7 жыл 6 ай жылға бас бостандығынан айыру жазасын, ал А. және Қ.-ға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сәйкесінше тағайындады. Кәмелетке толмаған М., А., Н., Қ.-ға жаза тағайындау барысында, сот ҚК-нің 81-бабына сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасы 10 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалатынын ескерді", - делінген хабарда. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Фото: euro-sudexpert.ru

Байланысты жаналықтар

«1 млрд жымқырды» деп айыпталған экс-шенеунік Болат Мажағұловтың соты өтуде

09.12.2024

Павел Дуров Парижде алғаш рет тергеуші сұрақтарына жауап берді

07.12.2024

Аса ірі көлемде есірткі сатқан екі қызылордалыққа жаза кесілді

07.12.2024

Психикалық орталықтағы зорлық. Күдіктілер ұсталды

04.12.2024

Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мәйіті табылды

02.12.2024

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

02.12.2024
MalimBlocks
«1 млрд жымқырды» деп айыпталған экс-шенеунік Болат Мажағұловтың соты өтуде

Екі күдікті де тағылған айыптармен келіспей отыр

Павел Дуров Парижде алғаш рет тергеуші сұрақтарына жауап берді

Telegram-ға «қылмыстық мазмұндағы ақпараттың таралуына қарсы шаралар қолданбады» деп айып тағылған

Аса ірі көлемде есірткі сатқан екі қызылордалыққа жаза кесілді

Олардан 1,4 келі есірткі тәркіленген

Психикалық орталықтағы зорлық. Күдіктілер ұсталды

Қыз жүкті болып, жасанды түсік жасатқан

Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мәйіті табылды

Күдікті ретінде 56 жастағы әйел қамауға алынды

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

Бірнеше өңірде тұман түседі