Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Ол Әділет министрлігін 2016 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін басқарған болатын.

Malim Админ

  • 22.05.2024

Билігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды Malim.kz Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот өкілдері бұрынғы әділет министрінің қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылғанын растады.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдікті М.Бекетаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын биылғы 21 маусымына дейін ұзартылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.

23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады.

Кейін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы Марат Бекетаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

2023 жылғы 29 желтоқсан күні Бекетаевтың қамау мерзімі 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылған.

Марат Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін басқарған болатын.

Фото: Sputnik/Болат Шайхинов

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды